Жылыойда Жаңа Қаратон мешіті жанынан теннис орталығы салынып жатыр (+ ФОТО)

Жылыой ауданына қарасты Жаңа Қаратон ауылдық мешіті жанынан салынып жатқан теннис ғимаратының құрылысымен Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы танысып қайтты.

Құрылысы қыркүйек айында ғана басталған жоба 2023 жылы аяқталады деп күтілуде. Ғимарат сыйымдылығы бір мезгілде 10 адамды қабылдауға шақталған.

«Мақсатымыз – Жаңа Қаратон тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Теннис орталығы спортты серік еткен азаматтарға ерекше серпін береді деп сенеміз. Болашақта орталыққа Талғат Жұмағалиев бапкерлік ететін болады» деді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.