Сарайшық ауылында жаңа мешіт салынып жатыр

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Махамбет ауданына қарасты Сарайшық ауылында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Жаңа мешіт қойнауына талай тарихи оқиғалар мен шежірені сыйдырып жатқан Сарайшық ауылының игілігіне қызмет ететін болады.

Мешіттің құрылыс жұмыстары, ішкі мәселелермен танысқан Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы нысан құрылысын сапалы жүргізуді тапсырды.

Қазіргі уақытта мешіт кәсіпкерлер демеушілігімен салынып жатыр. Жаңа нысан қазақы нақышта безендіріліп, бір мезгілде жүздеген адамның құлшылық жасауына, ауыл ішіндегі ынтымақты нығайту жолында қызмет етеді деп күтілуде.