Алтынбек Ұтысханұлы Сарайшық ауылының имамына алғыс айтты

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Махамбет ауданына қарасты Сарайшық ауылына арнайы жұмыс сапарымен барды.

Аталған ауылда ұзақ жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан жергілікті «Хан ордалы Сарайшық» мешітінің имамы Жайлыбек Кенжеәлиевке дін жолында атқарып жатқан еңбегі үшін алғыс айтып, құрмет көрсетті.

«Имам болу – абыройлы қызмет. Осынау үлкен жауапкершілігі мол міндетті ауылдық жерде атқару оңай емес. Ауыл мешіттерінің қай-қайсысында да жағдай оңай емес. Қиындықтарға қарамастан, мешітті ұстап, жергілікті жұртшылық арасында имандылықты насихаттап жүрген сізге Алла разы болсын» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.