КИПР ЕЛІНІҢ СПОРТШЫЛАРЫ ИМАНҒАЛИ МЕШІТІНДЕ БОЛДЫ

Кипр мемлекетінің ұлттық спорт түрлері бойынша өкілдері Атырау қаласындағы Иманғали орталық мешітіне арнайы ат басын бұрды.

Меймандарды Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қабылдап, құрмет көрсетті. Кездесу барысында діни-рухани бағыттағы өзара байланыстарды нығайту, ынтымақтастықты арттыру бағытында пікір алмасты. Келген қонақтардың қатарында дін өкілдері де бар.

Айта кетейік, спортшылар Атырау қаласында өтетін халықаралық садақ ату сайысына арнайы келген болатын.