Атырауда «Мәулімберген» мешіті жамағатты айт мерекесімен құттықтады

Атырауда Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешітінде Құрбан айт құрметіне орай айт дастарханы жайылды.

Мерекелік шараға ауыл қарттары жиналды.

Тасқала ауылының әкімі Ернар Өтешқалиев жамағатты құттықтады. «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов насихат айтты.

Айт намазына 500-ге жуық адам жиналды.