Ережеп айының басталуына орай, Атырауда Тасқала ауылына қарасты «Мәулімберген» мешітінде 15 отбасына азық-түлік таратылды.
Демеушілердің көмегімен дайындалған бокстарға бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер топтастырылды.
Еске сала кетсек, Ережеп – берекелі һәм ұлық ай. Бұл айда игі амалдарға мол сауап жазылады, құлшылықтар мен дұғалар қабыл болады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес түн бар, онда дұғалар кері қайтарылмайды. Олар – Ережеп айының алғашқы түні, Шағбан айының жартысындағы түн, Жұма түні, Ораза және Құрбан айт түндері», – деген.
Ережеп (Ражаб) – Алла Тағаланың соғысуға, қан төгуге тыйым салған (Зұлқағда, Зұлхижжа, Мұхаррам, Ражаб) айларының бірі. «Ражаб» сөзі ұлықтау, құрметтеу деген мағынаны білдіреді.