Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Шараға мешіттің әйелдер-қыздар секторының өкілдері қатысып, мешітке келушілерге дәмді-тәттілерді ұсынды.
Жиналған қаражат бес баласын жалғыз тәрбиелеп отырған Әсел есімді анаға тапсырылды.
«Толық аты-жөнін жария етпеуді өтінген Әсел мешіттен қаржылай көмек сұрап келген болатын. Қазіргі кезде оның әлеуметтік жағдайы өте мүшкіл» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Бес баласымен бірге тағдырдың тауқіметін тартып отырған анаға көмек көрсетемін деушілер мешіттен мұқтаж отбасы туралы толығырақ ақпарат ала алады.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.