Атырауда «Ихсан» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Атырауда Геолог ауылында орналасқан «Ихсан» мешітінде Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің «Ихсан» мешітіндегі жамағатының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңке барысында әйелдер жамағаты үй жағдайында дайындалған түрлі кулинарлық тағамдарды, сүт, ет тағамдарын, нан өнімдерін әкеліп, мешітке келушілерге қолжетімді бағада ұсынды.

Жәрмеңке барысынан жиналған қаражат мешіттің қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға жұмсалатын болады.