Атырауда «Ана мен бала орталығына» зекет берілді

Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесінің ұйымдастыруымен «Ана мен бала орталығына» зекет берілді.

Аталмыш орталық қиын өмірлік жағдайда қалған аналар мен балаларға уақытша пана ұсынып, психологиялық, заңгерлік көмек берумен айналысады.

Әлеуметтік орталыққа жомарт азаматтар мешітке тапсырған жаңа киімдер мен құрбандыққа шалынған мал еті жеткізілді.

Алла Тағала Құран Кәрімде зекеттің қайда жұмсалуы керектігін айтып өткен:  «Шын мәнінде садақалар (зекеттер) кедейлерге, міскіндерге, зекет жинаушыларға, жаңа мұсылмандарға, құлдарға, борыштыларға, Алла жолында жүргендерге, жолаушыға (беріледі)» (Тәубе, 60). Сауабы үзілмейтін зекет – мұсылманның бес парызы.