Атырауда «Анашым» мешітінде Құран жарысы өтті (+ ВИДЕО)

15 жасқа дейінгі балғын шәкірттер арасында өткен Құран сайысы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім 30-ыншы парадан жатқа айту болса, екінші бөлімде шәкірттер Құран аяттарын мәнерлеп оқудан сайысты.

Сайысқа Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысып, сәттілік тіледі.

«Құран оқу, оны жаттау сауапты іс. Ата-аналарыңа нұрдан тәж кигізетін ұрпақтардан болыңыздар» деген Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы жас шәкірттерді жан-жақты білім алуға шақырды.

Сайыс қорытындысында 30-парадан бірінші орынды Ахмет Олжасұлы, екінші орынды Әли Жанболатұлы, үшінші орынды Мұрат Асадулла жеңіп алды.

Мәнерлеп оқу бағыты бойынша жүлделі бірінші орынға Жанарыс Тимурұлы ие болды. Екінші орынды Холид Бейбітұлы, үшінші орынды Мұхаммед Асылбекұлы өзара бөлісті.
Жеңімпаздарға дипломдар мен қаржылай жүлделер табысталды.