Ақпараттық топ мүшесі Олжас Скаков жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі, Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы Олжас Скаков Павлодар облысында арнайы іс-сапармен барды.

Іс-сапарының алғашқы күні Павлодар қаласындағы №63 және №45 РММ Түзету мекемелеріндегі діни экстремизм және терроризмге байланысты істі болып, жазасын өтеп жатқан сотталушылармен кездесті. Кездесу барысында ұстаз Олжас Скаков «Мәзһабтар тарихы», «Иман негіздері» тақырыбында жалпы және жеке кездесу жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, Павлодар қаласындағы «Бижан» мешітінде құптан намазынан кейін жамағатқа уағыз айтты.

Ал, іс-сапарының екінші күні Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе шәкіртерімен кездесіп, «Пайдалы білім алудың маңыздылығы» жайында насихат айтты.

Сонымен қатар, жұма күні Екібастұз қалалық мешітінде «Тәртіпке бағанған құл болмайды» – тақырыбында жұма уағызын айтып, сол күні Екібастұз қаласындағы колледж жастарына «Ислам және жастар», «Дін мен дәсүр» тақырыбында қазақ және орыс тілінде кездесу өткізді.