Атырауда «Мәулімберген» мешітінде Құран оқу курсы қорытындыланды (+ ФОТО)

Атырауда «Тасқала» ауылындағы «Мәулімберген» мешітінде Құран оқу курсы қорытындыланды.

Шәкірттерге жаз маусымы бойына білім берген ұстаздар Ардақ Сайынқызы мен Асылай Мұратқызына «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов алғыс айтып, рухани кітаптар табыс етті.

Осылайша, Құран оқу курсында білім алған отызға тарта шәкірт курсты қорытындылап, сертификаттар иеленді.

«Жаз мезгіліндегі демалыс уақытын білім алуға жұмсаған шәкірттерге алғысымыз шексіз. Жас буынға білгенін үйретіп, білімімен бөліскен ұстаздарымыз одан әрі білімін жетілдіру мақсатында оқуға аттанып барады. Жүрегінде иманы бар, білімді шәкірт тәрбиелеу жолындағыәр ісіміз берекелі болғай» деді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов .