Атырауда «Мәулімберген» мешіті «Имани жаз» лагерін қорытындылады

Атырауда Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешітінде 40 шәкірт жазғы лагерьді сәтті аяқтап шықты.

Жазғы демалыс уақытын білім алуға жұмсаған шәкірттерге мешіттің имамы Мақсот Бағытжанов алғыс айтты.

Зейінді шәкірттерге салтанатты жағдайда жазғы сауат ашу лагерін бітіру кеші ұйымдастырылып, сертификаттар табыс етілді.

Шәкірттерді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілі Ардақ Сайынқызы құттықтап, сәттілік тіледі.