Атырауда «Медет» мешіті республикалық «Мектепке жол» акциясына үлес қосты.
Республикалық қайырымдылық акциясы аясында «Медет» мешіті 50 балаға оқу құралдары жинақталған сөмкелерді табыс етті.
«Қайырымдылық шарамызды «Жақсылықта жарысайық» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, ұйымдастырдық. Қайырымдылық бағытындағы жұмыстар жалғасады» дейді Медет мешітінің имамы Мұхамедкәрім Сматұлы.
Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау мешіттері республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 1000 балаға оқуға қажетті құралдар тапсырғанын хабарлаған болатынбыз.