Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Медет» мешітінде жамағатпен кездесті.
Кездесу барысында Бас имам «Тәуелсіздік – ең үлкен нығмет» тақырыбында насихат айтып, жамағатты ынтымақта болуға шақырды.
«Тәуелсіздік – асыл бабаларымыздың сан ғасырғы арман-мұраты. Өткенімізге көз салсақ, сүрлеуі мол соқпақтар мен ой-шұңқыры, қауіп-қатері көп көпірлерден өттік. Азанымыз ақырын, жаназамыз жасырын айтылған кездер де жазылыпты тарих бетінде.
Кешегі құбылмалы заман көшінде дін ілімін тарату емес, үйренудің өзі қылмыспен тең болды. Ел тәуелсіздігіне қол жетіп, бостандықтың боз таңы атқан сәтте ана тілімізбен, ата дінімізбен қайта қауышып, салт-дәстүріміз жаңғырды. Аллаға шүкір, қазіргі күні тәуелсіз елде, әр таңымызды амандықпен, ешқандай қауіп-қатерсіз аттырып жатырмыз. Әрбіріміз осы нығметтің қадірін түсініп, шынайы бағалай білуіміз қажет» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Рухани кешке Х. Досмұхамедов атындағы Атырау универсистінің аға оқытушысы, магистр Ернар Абзалов қазақ халқының тарихы жайлы насихат айтты.