Атырау мешіттерінде ұстаздардың көшпелі насихаты енді апта сайын өткізіліп отырады.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Діни білім беру саласы бойынша жамағаттың білім деңгейін арттырып, өзара бауырмалдылықты арттыруға бағытталған шара әр аптаның сенбісінде, құптан намазынан соң өткізіліп тұратын болады» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Алғашқы дәріс «Иманғали» орталық мешітінде өтті. Дәрісті «Анашым» мешітінің наиб имамы, ұстаз Ардақ Абдираманов көркем мінез жайында жамағатқа уағыз айтты. 200-ге жуық жамағат қатысқан шара соңы сұрақ-жауап форматында жалғасты.
Келесі апталық дәріс Атырау қаласы бойынша мешіттерде жалғасатын болады.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.