Атырауда «Иманғали» мешіті мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетті

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесі мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне ет жеткізіп берді.

Қайырымдылық шарасы 30 отбасын қамтыды.

Шара аясында «Иман жастары» еріктілері мұқтаж отбасылардың үйлеріне ет пакеттерін жеткізіп берді.

«Қайырымдылық шарасы жалғасады. Біздің мақсатымыз – көмекке мұқтаж шаңырақтарға көмек көрсету» дейді ұйымдастырушылар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.