1-маусым балаларды қорғау күніне орай, Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті кезекті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты мамандандырылған облыстық балалар үйіне 60 дана киім-кешек пен жөргектер табысталды.
«Балалар бізге аманат, қоғамда олардың өсіп-өнуі, тұлға болуы үлкендердің басты назарында болуы керек. Олар біздің қамқорлығымызға мұқтаж.
Жетімін жылатпаған дана халқымыздың өнегесін ұмытпауымыз қажет. Осы тұрғыдан бүгін балаларға қамқорлық жасаудамыз», – деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.