Атырауда орталық мешітте қайырымдылық шарасы өтті

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінің жанындағы Қайырымдылық мекемесінің ұйымдастыруымен акция өтті.

Атырау қаласының көшелерін гүлдендіріп, тазалығын сақтауға атсалысып жүрген «Каздорстрой» мекемесінің 15 жұмысшысына ет берілді.

«Мейлі қала, ауыл болсын, көше тазалығын сақтау, ағаш отырғызу, гүл отырғызу – ортақ іс. Жаздың ыстығына қарамай, қаламыздың тазалығына, әсемдігіне атсалысып жүрген азаматтарымызға осылай алғыс айтқымыз келді» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.