Қасиетті жұма күнінің құрметіне Атырау облыстық орталық мешіті іске қосқан «Жомарт жұма» аясында тұрғындар таксимен тегін тасымалданып, қала тазалығына атсалысып жүргендерге тәттілер таратылуда.
Атырау облысының Бас имамы, ұстаз Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан игі шараларға жұртшылық ризашылығын білдіруде.
Мәселен, Атырауда қала тазалығы үшін, аянбай қызмет етіп жүрген «Спецавтобаза» мекемесі қызметкерлеріне ыстық шәй мен тәттілер таратылды.
Сонымен бірге, Атырау мешіттерінің жамағаттары тұрғындарды жұма құрметіне кешкі уақытқа дейін тегін тасымалдады.
Тегін такси жолаушыларды «Нұрсая – Академия»,
«Махамбет – Исатай алаңы – Атырау политехникалық университеті»,
«Дамбы – Алғабас», » Авангард – Еркінқала», «Вокзал маңы – Талғайраң»,
Береке, Алмалы, » Балықшы – Авангард» бағыттарында тасымалдады.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.