Алтынбек Ұтысханұлы шәкірттерге Құран кітабын сыйға тартты

Атырау облыстық «Иманғали» мешіті жанындағы сауат ашу курсының шәкірттеріне Қасиетті Құран кітабы сыйға берілді.

5 және 16 жас аралығындағы шәкірттер үш айдан бері Құран әліппесі, тәжуид ілімдерін меңгеруде.

Шәкірттерге қасиетті Құран кітабын Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы табыс етіп, жарқын болашақ кепілі білім мен тәрбиеден бастау алатынын атап өтті.

Сондай ақ, балғын шәкірттердің Қасиетті кітапты меңгерудегі бастамаларына сәттілік тіледі.

Жас шәкірттерге жаз бойы білім үйретіп келе жатқан ұстаз Дәурен Арапбеков балалардың ынтасына ризашылығын жеткізді.