Атырауда “Имани жаз —2024” жазғы сауат ашу курсы басталды

Сауат ашу курсы маусымының ашылуына Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысты.

«Жазғы сауат ашу курсында балаларыңызға мешітіміздегі білікті ұстаздар дәріс береді. Атап айтқанда имандылық әліппесі, тәжуид, Құран әріптерін үйрену, дін мен дәстүр сабақтастығы турасында екі ай бойы білім толықтырып, сертификат алатын болады» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.

Сондай-ақ, Бас имам ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Айта кетсек, «Имани жаз» сауат ашу курсы облыс мешіттерінде жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта бір ғана орталық «Иманғали» мешітінде 78 шәкірт сауат ашу курсын бастады.