Атырауда «Мәулімберген» мешітінде интелектуалды сайыс өтті

Атырауда Алғабас ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінің ұйымдастыруымен Алла елшісінің өнегелі өмірін насихаттауға арналған сира сайысы өтті. Мешіт жастарының ұйытқы болуымен өткен сайысқа 60 адам қатысты.

«Адамзаттың ардақтысы болған Алла Елшісі өмірінің көп бөлігін бір Алланы тануға, оған серік қоспауға шақырды. Түрлі қиындықтар көріп, қажыды. Десе де қайтпады. Аллаға шүкір, елімізде мешіттер есігін айқара ашып, ардақты тұлғаның өмірін дәріптеуге ден қойып келеді. Мұсылман жұртшылығына үлгі болар тұлға Мұхаммед (с.а.у)» деп атап өтті мешіт имамы Мақсот Бағытжанов.

Сайыс куиз форматында өтті. Жеңімпаздарға сыйлықтар беріліп, біраз жылдан бері мешіттің өркендеуіне үлес қосып келе жатқан имам Мақсот Бағытжановқа жамағат кіші қажылыққа жолдама тарту етті.