Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті жанындағы қайырымдылық мекемесінде жағдайы төмен жиырма отбасының балаларына қысқы киім-кешектер табысталды.
Шараға Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысып, балалардың қадамдарына сәттілік, оқуда табысты болуды тіледі.
«Қазақта «Берсең, балаға бер» деген тамаша сөз бар. Осындай шараларымыз арқылы, барлық баланың мектепке баруына, білім алуына үлес қосатын баламыз. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларымызға көмек қашан да жалғасады. Барлық бала мектепте оқып, білім алуы керек» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Сондай-ақ, аталмыш қайырымдылық аясында жағдайы төмен он отбасына да қысқы киімдер үлестірілді.
Мешітке қадам басқандармен наиб имам Арман Исаев жүздесіп, қайырымды, хайырлы істердің Алла үйі әрқашан жәрдемшісі екенін жеткізді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.