Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешіті 50 балаға киім тапсырды (+ ВИДЕО)

Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде қайырымдылық акциясы өтіп, 50 балаға қысқы киім-кешек берілді.

Игі шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мерейлі датасына арналды.

«Акция мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қамтыды. Қайырымдылық шаралары арқылы біз қоғамды бірлікте болуға, жағдайы бар азаматтарды зекет беруге үндегіміз келеді. Сіздің садақаңыз өзгенің жабырқаған көңіліне қуаныш сыйлауы мүмкін» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.