Жылыойда жасөсіпірімдер арасында Құран жарысы өтті (+ ФОТО, + ВИДЕО)

Жылыой ауданында «Жылыой» орталық мешітінің ұйымдастыруымен шәкірттер арасында Құран жарысы өтті.

Рухани сайысқа барлығы 40 шәкірт қатысты.

7-17 жас аралығындағы шәкірттер өзара бақ сынасқан сайыста үміткерлердің  Құран оқу қырағаты, тәжуид білімі, жаттау қабілеті бағаланды.

Сайыс қорытындысымен бас жүлдені Ұлан Бағдатұлы жеңіп алды. Оған 50 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.

Бірінші орынды Бекболсын Ерболұлы иемденді. Ол 40 мың теңгенің сертификатымен марапатталды.

Екінші орынды Мұса Әсетұлы, үшінші орынды  Сансызбай Бердібек және Нұржігіт Бауыржанұлы өзара бөлісті. Жеңімпаздардың барлығына қаржылай сертификаттар табысталды.

Еске сала кетелік, шараны Жылыой аудандық орталық мешіті ұйымдастырды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.