Атырауда “Отбасым – менің тірегім” атты рухани шара өтті

Әйел-қыздар секторының Атырау өкілдігінің ұйымдастыруымен Бақтыгерей Молла мешітіндеОтбасым – менің тірегім” атты тағылымды рухани шара өтті.

Шараға әжелер, жас келіндер және аналар қатысып, баланы бесікке салу, қырқынан шығару сынды қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері насихатталды. Сонымен қатар, отбасылық құндылықтар, ана тәрбиесінің маңызы мен келіннің әдеп-ибасы жайында тағылымды әңгімелер қозғалды.

Жиналған қатысушылар қазақы дәстүр мен ислам дініндегі отбасының орны жайлы терең мағлұмат алып, рухани тәрбиеге үндейтін пайдалы кеңестерге қанықты.