АТЫРАУДА ҚАЖ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ МҮФТИЯТ БАСПАСЫНЫҢ КІТАПТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне ҚМДБ мүфтият баспасынан жарық көрген діни-танымдық кітаптар табысталды. Игі шараның мақсаты – түзеу мекемелеріндегі азаматтардың рухани білімін арттыру, діни сауаттылықты қалыптастыру және тәрбиелік мәні бар еңбектермен қамтамасыз ету.

Аталған жиынға Болатбек Ұласқанұлы, Атырау облысының бас имамы, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қахарман Рахметұлы және Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Данияр Бахитұлы қатысты.

Сондай-ақ қасиетті Рамазан айына орай №15, №75 және №79 ерлер мен әйелдерге арналған түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға мүфтият баспасынан шыққан кітаптармен қатар ауызашарға арналған құрма мен ауыз су таратылды.

Шара барысында қатысушылар рухани қолдаудың маңыздылығына тоқталып, мұндай бастамалардың қоғамдағы ізгілік пен адамгершілік құндылықтарын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.