Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешіті жанындағы Құран жаттау және діни сауат ашу орталығында ұйымдастырылып жатқан «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсының екінші легі сәтті қорытындыланды.
Жазғы лагерьдің екінші легінде 35 шәкірт Құран үйреніп, діни сауатын ашып шықты. Шәкірттерді марапаттауға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысты.
«Қазіргі таңда облыс мешіттерінде және Құран жаттау және діни сауат ашу орталығында мектеп «Имани жаз» оқу лагері жұмысын қорытындылауда. Біздің мақсатымыз – саналы, тәрбиелі, иманды, өмірден өз орнын тапқан кірпіш болып қаланатын ұрпақ тәрбиелеуге атсалысу. Осы жолда жастарымыздың санасына асыл дініміздің құндылықтарын сіңірудеміз,-деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Шәкірттерге дипломдар мен сыйлықтар, қасиетті Құран сыйға берілді.