Жылыойда «Имани жаз» лагері қорытындыланды

Жылыой ауданында «Имани жаз» жазғы сауат ашу лагері қорытындыланды. Жазғы лагерьді 150 шәкірт аяқтап шықты.

Лагерь қорытындысы ретінде шәкірттер арасында Құран жарысы өтіп, қазылар алқасы тыңдаушылардың білімін сарапқа салды. Мектеп жасындағы оқушылар арасында өткен рухани сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

«Жазғы сауат ашу лагерінде 110 ер бала, 40 қыз бала білім алып шықты. Шәкірттерге арнайы бекітілген мешіт ұстаздары сабақ берді. Ынталы шәкірттеріміздің көбейгеніне ризамыз. Жазғы каникул уақытын тиімді өткізуге ұмтылған зейінді шәкірттерімізге алғысымыз шексіз» дейді Жылыой аудандық орталық мешітінің наиб имамы Думан Балықшиев.