Атырауда Құрбан айт күндері 3862 отбасына ет таратылды


Соның ішінде Құрбан айттың алғашқы екі күнінде облыс мешіттері 800-ден астам шаңыраққа ет таратқан болса, ұлық мерекенің үшінші күні ізгі шара 2950 отбасын қуантты.


Құрбан айттың үшінші күні 688 қой, 15 сиыр малы құрбандыққа сойылды.

Атыраулықтар қашықтықтан құрбан шалу мүмкіндігін де пайдаланды. Сонымен бірге, санитарлық жағдайы талапқа сай келген арнайы орындарда мал сату, сою жұмыстары ұйымдастырылды.