Атырауда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қайта басылып шыққан еңбектерінің таныстырылымы өтті.
«Сеніммен болашақ» республикалық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шарада Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы еңбектерінің ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы туралы айтып өтті.
«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының еңбектерінде қазақ халқының тектілігінің, даналығының белгісі жатыр. Үлкендерден жеткен ұлағатты жас ұрпаққа жеткізу маңызды» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.