Алтынбек Ұтысханұлы «Имани жаз» шәкірттерін Құрбан Айт мерекесімен құттықтады

Қасиетті Құрбан Айт мерекесінің құрметіне Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Имани жаз» жазғы сауат ашу лагерінің шәкірттеріне айттық сыйлықтарын табыс етті.

«Жазғы демалыстарыңызды бос өткізбей, білім алып жүрген сіздерге ризашылығымыз шексіз. Алып жатқан білімдеріңіз қайырлы болғай. Сіздердің міндеттеріңіз – рухани қуатты, білімді ұрпақ болу» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, бұған дейін Айт құрметіне Атырау мешіттері 10 мың балаға айттық сыйлық таратқан болатын.