Қасиетті Құрбан айт мерекесінің екінші күні Атырау облысында 558 отбасына құрбан малының еті таратылды.
Бұл күні Атырау облысы мешіттері арқылы 120 қой, 6 ірі қара құрбандыққа шалынды.
Құрбан малының еті негізінен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жалғыз басты қарттарға, жетім – жесірлерге, көп балалы отбасыларға таратылды.
Құрбан малының етін үлестіруге мешіт қызметкерлері, ерікті жастар және автоволонтерлар жұмылып отыр.