Құрбан айттың екінші күні Атырауда 408 отбасына ет үлестірілді

Қасиетті Құрбан айттың екінші күні Атырау мешіттерінде 129 қой, 8 сиыр малы құрбандыққа шалынды.

Құрбан малының еттері мешіттерде таратылуымен бірге, еріктілер де мұқтаж жандардың үйлеріне жеткізіп беріп жатыр. Көп балалы отбасы, әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі адамдары бар отбасылар қамтылған қайырымдылық шарасы 408 отбасын қамтыды.

Осылайша, Құрбан айттың екінші күнінде Атырау облысы бойынша 800-ден астам мұқтаж отбасына ет үлестіріліп отыр.

Еске сала кетсек, бүгін Құрбан айт мерекесінің үшінші күні. Малды құрбандыққа шалуды қашықтықтан тапсырыс беру арқылы да ұйымдастыру мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта qurban2023.kz сайты тәулігіне 24 сағат қызмет көрсетуде. Аталған сайт арқылы, құрбан малының етін алуға мұқтаж отбасылары да тапсырыс бере алады.