Алда келе жатқан қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай, Атырау қалалық Құспан молла мешітінде 100 отбасына азық-түлік таратылды.
Қайырымдылық акциясы әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж шаңырақтарды қамтыды.
«Мұсылман жұртшылығының мүбәрәк мерекесі Ораза айттан кейін келетін Құрбан айт мейрамының да адам баласына берер жақсылығы көп. Осы орайда, мүгедек, көп балалы, жалғызбасты басқа да өмірдің сан қырлы сынағын көтеріп келе жатқан жандарға көмек көрсетуді жөн көрдік», деп атап өтті Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.