Алматыда V республикалық азаншылар байқауы өтуде

Алматыдағы Орталық мешітте «ӘДЕМІ ӘУЕЗДІ АЗАНШЫ» V республикалық азаншылар байқауы басталды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2009 жылдан бері республикалық азаншылар байқауын өткізіп келеді. Екі жыл пандемия үзілісінен соң биыл қайта қолға алынып отыр.

Байқауға наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан, әнші Сәкен Майғазиев, «Бәйкен» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев және Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Данияр Абдусамат қазылық жасап, әдемі әуезді азаншыны анықтайды.

Қазіргі уақытта байқауға қатысушылар бақ сынап жатыр. Бәйге қорытындысы ертең белгілі болады.

Айта кетейік, азан – иісі мұсылман баласын бес уақыт намазға шақыратын діни амал. Азанның шығу тарихы мен дінімізде алар орны орасан.