АТЫРАУДА РАМАЗАН АЙЫНА ОРАЙ КОЛЛ-ЦЕНТР ЖҰМЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Атырау қасиетті Рамазан айына орай колл-центр жұмысы қайта жанданды. Аталған байланыс желісі арқылы тұрғындар ораза, пітір садақа, құлшылық тәртібі және күнделікті өмірде туындайтын діни сауалдарына нақты жауап ала алады.

Колл-центрге келіп түскен сұрақтарға «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі бойынша жауапты өкілі Мұрат Мұстафаев жауап береді. Жауапты имамның айтуынша рамазанның алғашқы күнінде тұрғындардан 360 сұрақ келіп түскен.

Айта кетейік, бұл бастама жамағатқа діни мәселелер бойынша сенімді әрі ресми ақпарат ұсыну, сондай-ақ Рамазан айында жиі қойылатын сұрақтарға жедел түсіндірме беру мақсатында іске асырылып отыр.

📞 Колл-центр нөмірі: +7 707 639 44 70 (Whatsapp)