Атырауда Рухани келісім күніне арналған форум өтті

Атырау қаласында 18 қазан – Рухани келісім күніне орай «Бір шаңырақ астында – дәстүр мен келісім» атты этномәдени бірлестіктер мен конфессиялар форумы өтті.
Шара Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, “Жәрдем-Атырау” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Абай орталығында өтті.

Форумның мақсаты – конфессияаралық келісімді, діни төзімділікті, ұлтаралық бірлікті нығайту, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау және дінаралық татулықты күшейту.

Форумды ашқан Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов жиналғандарды атаулы күнмен құттықтап, рухани келісімнің қоғамдағы маңызын атап өтті. Рухани келісім күнінің бастамашысы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, танымал композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Парасат» орденінің иегері Төлеген Мұхамеджанов болды. Өнер мен руханият саласында елге еңбегі сіңген тұлға өзінің жүрекжарды лебізін білдіріп, бұл күннің қазақстандық қоғам үшін маңызын атап өтті.

«Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев дін мен дәстүр сабақтастығы, бейбітшілік пен рухани тазалық туралы терең ой қозғады.
Ал «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Короблев этносаралық ынтымақтастықтың ел тұрақтылығына қосып жатқан үлесі жайында айтты.

Форум барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, қоғамдағы келісім мен бірлікті сақтау жолдары талқыланды.