Атырау облысы, Жылыой ауданында шәкірттер арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан сайыс ұйымдастырылды. Рухани іс-шара Ұлы Отан соғысының ардагері Кәрім Қалышұлының рухына бағышталып өтті.
Жарысқа Атырау қалалық мешіттері мен Мақат, Индер, Қызылқоға, Махамбет аудандары және Жылыой ауданына қарасты ауылдық мешіттердің шәкірттері қатысты. Барлығы 40 шәкірт бақ сынаған сайыс Фәжр сүресінен Нас сүресіне дейін жатқа оқу бойынша өтті.
Сайыстың ашылуында Жылыой ауданының бас имамы Думан Мұратұлы арнайы қатысып, дұға бағыштап, жас қариларға сәттілік тіледі.
Барлық қатысушыларға ынталандыру мақсатында 10 000 теңгеден қаржылай сыйлық табысталды.
Жүлдегерлер төмендегідей:
• 🏆 Бас жүлде — Азаматұлы Айшуақхан
(Жаңа Қаратон ауылы, «Нұрқас Сатыбалды» мешіті) — 100 000 теңге
• 🥇 1-орын — Талап Исмайл
(«Бақтыкерей молла» мешіті) — 70 000 теңге
• 🥈 2-орын — Байсейіт Әмір
(«Бақтыкерей молла» мешіті) — 50 000 теңге
• 🥉 3-орын — Дастан Данияр
(«Бақтыкерей молла» мешіті) — 30 000 теңгелік сертификат
Жарыс барысында шәкірттердің Құран жаттаудағы ынтасы мен талпынысы көрініс тауып, рухани ортада білімге деген қызығушылықтың жоғары екені байқалды








