Атырау «Shoq Doner» фаст-фуд қоғамдық тамақтану орнының басқарушысы Саламат Сейтеновке жаңартылған ҚМДБ Халал сертификаты табысталды.
Сертификатты Атырау облысы орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев табыс етті.
Қоғамдық тамақтану орны Атырау қаласы, Геолог 2, Төле би көшесі, 24а мекен-жайында орналасқан.
«Аталмыш кәсіпорын өнімдері СТ 96090-3-2021 стандартына сай екендігін растайды» делінген сертификатта.
Сертификаттың мерзімі 06.12.2022 дейін жарамды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.