Атырауда шұжық, консерві өнімдері кәсіпорны ҚМДБ-ның халал сертификатын жаңартты

Атырауда «Асыл-Агро», «Asyl» сауда белгісімен шұжық, консерві өнімдерін шығарып жатқан кәсіпорын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал стандарт сертификатын қайта иемденді.

Жаңартылған сертификатты Атырау облысының Иманғали орталық мешітінің наиб имамы Арман Исаев  аталған кәсіпорын өкілі Замира Төремұратқа табыстады.

Кәсіпорын Атырау қаласында, Северная Промзона 49-да орналасқан.

«Аталмыш мекеменің қызметі  – Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын сою ЖШС СТ 96090-2-2021 стандартына сай екендігін растайды.


Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды» делінген сертификатта.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.