Құлсарыда фаст-фуд тамақтану орнына халал сертификаты берілді

«Shoq Doner» сауда белгісімен халыққа фаст-фуд, яғни, жылдам тамақтану қызметін ұсынып отырған  қоғамдық тамақтану орнының басқарушысы Арман Серікұлына ҚМДБ-ның халал стандарт сертификаты табысталды.

Сертификатты Атырау облысының Иманғали орталық мешітінің наиб имамы Арман Исаев  табыс етті.

Аталған жылдам тамақтану желісі Құлсары қаласы, И.Тайманов көшесі, 28 мекен-жайында орналасқан .

«Мекеменің қызметі- Қоғамдық тамақтану қызметтері ЖШС СТ 96090-3-2021 стандартына сай екендігін растайды.

Сертификаттың  мерзімі  21.08.2023 дейін жарамды» делінген сертификатта.

Еске сала кетелік, «Халал Даму» ЖШС – шариғат нормалары мен халал стандарт тәртібі бойынша стандарттау және сертификаттаумен айналысатын орган.

2014 жылдың 8 қазанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.