Құранға түскен шәкірттерге Сұлтан Бейбарыс мешітінің наиб имамы Рүстем Әбілқан салтанатты жағдайда сертификат табыс етті.
Шәкірттерге қазіргі уақытта Ақтөбе медресек-колледжінің 2 курс студенті, қазіргі уақытта мешіттен тәжірибеден өтіп жатқан жас маман Асылай Мұратқызы дәріс беруде.
Осылайша, бүгінгі таңда 18 шәкірт Құранға түсіп, рухани білімнің жаңа деңгейіне өтіп жатыр.
Айта кетсек, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Құранды үйренген әрі үйреткен, бұйрықтарын толық орындаған адамды жұпар иісті әтірге бағаласа, Құраннан алыстардың жүрегін құлағалы тұрған үйге ұқсатқан. Хазіреті Омардың (р.а.) айтуы бойынша, Алла Елшісі (с.ғ.с): «Алла Тағала Құран арқылы кейбір қауымдардың дәрежесін жоғарылатады, ал кейбірінің дәрежесін түсіреді», – десе, келесі хадисте: «Үмметімнің ең қайырлы амалы – Құран оқу. Темір қалай тат басса, жүректерді де солай тата басады», – деді. Саңлақ сахабалар: «Оның қандай емі бар?», – деп сұрағанда, Алла Елшісі (с.ғ.с): «Құранды көп оқу және өлімді жиі еске алу», – деп жауап берген.
Құран оқу және үйрену – сарқылмас сауапқа ие амал.