АТЫРАУДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ӨТТІ

Атырау облысы, Махамбет ауданына қарасты Ортақшыл ауылында ұлттық спорт түрлерінен ауқымды сайыс ұйымдастырылды. Шара ауыл халқы мен қонақтардың басын қосып, рухани және спорттық тәрбие бағытында өтті.

Дәстүрлі спорт түрлерін насихаттауға арналған жарыста қазақ күресі, арқан тарту, қол күресі, қой көтеру, кір тасын көтеру сынды бірнеше бәсеке ұйымдастырылып, түрлі жастағы азаматтар өз күшін сынады.

Жарыс нәтижелері төмендегідей:

Қазақ күресі (+80 кг):
1 орын — Закарияев Сұңғат
2 орын — Шакиев Руслан
3 орын — Багенов Дулат
Көрермендер көзайымы: Төреғали Төрехан, Жақсылықов Дарын

Қол күресі:
1 орын — Тілегенов Асылбек
2 орын — Жалғасов Қуан
3 орын — Ақылбеков Асыланбек

Арқан тартыс (командалық):
1 орын — Есбол командасы
2 орын — Махамбет командасы
3 орын — Еркінқала командасы

Кір тасын көтеру (32 кг):
1 орын — Сағынұлы Елдос
2 орын — Идрисов Ринат
3 орын — Айтмұханов Алпамыс

Қой көтеру:
1 орын — Айтмұханов Алпамыс (51 рет)
2 орын — Айбар Айқын (40 рет)
3 орын — Есенғалиев Төре (33 рет)

Қозы көтеру (7–10 жас):
1 орын — Базарбай Дәулет
2 орын — Скандарбек Бексұлтан
3 орын — Қарабалиғов Әсет

Кір тасын көтеру (8 кг, 11–13 жас):
1 орын — Сағын Омар
2 орын — Айбар Айкүн
3 орын — Төленбай Жарас

Жеңімпаздарға қаржылай жүлделелер мен сыйлықтар табысталды.

Шара барысында Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы сөз сөйлеп, ұлттық спорт пен салт-дәстүрді дәріптеу — дініміздің де талабы екенін атап өтті.

— Бұл сайыстар — дін мен дәстүр аясындағы игі шараларымыздың бір бөлігі. Жастарды саламатты өмір салтына баулу мен ұлттық рухты оятуда мұндай басқосулардың орны ерекше, — деді бас имам.