Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «West Burger» фаст-фуд өнімдері дәмханасы басшысы Сергей Поповқа ҚМДБ Халал сертификатын табыс етті.
«The Best Food» ЖШС қарасты «West Burger» дәмханасы Атырау қаласының Азаттык көшесі, 183 мекен-жайында орналасқан.
«The Best Food» ЖШС халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды. Сертификаттың мерзімі 18.07.2023 дейін жарамды» делінген сертификатта.
Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» ЖШС – шариғат нормалары мен халал стандарт тәртібі бойынша стандарттау және сертификаттаумен айналысатын орган.
2014 жылдың 8 қазанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.