Атырауда зекет басқарудың озық тәжірибелеріне арналған семинар өтті

Атырауға «Зекет және қайырымдылық» қорының исламдық қаржы мәселелері бойынша сарапшысы Мақсатбек Қайырғалиев Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында қор өкілі Мақсатбек Қайырғалиев «Зекет басқарудың озық тәжірибелері» атты семинар өткізді. Семинарға қала, аудан имамдары және зекет саласына жауапты мамандар қатысты.

2011 жылдың 3 маусымында тіркелген «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Зекет» корпоративтік қоры «Ел үлесі – пәтерге», «Мектепке жол» сынды қайырымдылық жобаларын жүзеге асырып келеді.

Сонымен бірге, қор өзін-өзі қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ете алмайтын ауыл мешіттеріндегі дін қызметкерлеріне жалақы беру, Қазақстанның діни оқу орындарындағы студенттерге шәкіртақы тағайындау, діни оқу орындарына ғимараттар салып, оларды техникалық базамен қамтамасыз ету, Қазақстанның діни медреселеріне заманауи студенттер үйін салу сынды ауқымды шараларды жүзеге асырумен айналысады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.