Мақсатбек Қайырғалиев атыраулық имамдармен кездесті

Атырауға жұмыс сапары аясында «Зекет және қайырымдылық» қорының исламдық қаржы мәселелері бойынша сарапшысы Мақсатбек Қайырғалиев жергілікті имамдармен кездесті.

Кездесу аясында спикер республикалық ақпараттық насихаттық топтың міндеті туралы ақпараттармен, діни ағарту бағытындағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

«Республикалық ақпараттық насихаттық топтың міндеті – халыққа ислам діні туралы дұрыс ақпарат беру. Және қоғамды рухани тұрғыда тәрбиелеу. Әр насихатты ауқымды көемде жеткізу үшін, жан-жақты дайындық, әркез ізденіс керек» деп атап өтті «Зекет және қайырымдылық» қорының исламдық қаржы мәселелері бойынша сарапшысы Мақсатбек Қайырғалиев.

Кездесу барысында спикер имамдар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.