«Мектепке жол»: Атырауда орталық мешітте қайырымдылық шарасы өтті (+ФОТО)

Орталық «Иманғали» мешітінде өткен ізгілік шарасы көп балалы және мұқтаж шаңырақтардың балаларына арналды.

«Мектепке жол» акциясы аясында ұйымдастырылған шара аясында 30 балаға аяқ киімдер табыс етілді.

Іс шараға «Зекет және қайырымдылық» қорының исламдық қаржы мәселелері бойынша сарапшысы Мақсатбек Қайырғалиев арнайы қатысты.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.