Атырауда “Du Du Chiken” фаст-фуд өнімдері желісі халал сертификатын иеленді

“Du Du Chiken” қоғамдық тамақтану желісінің негізін қалаушы Нұржан Бақытбекұлына Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы ҚМДБ-ның халал стандарт сертификатын табыс етті.


“Du Du Chiken” қоғамдық тамақтану нысаны Атырау қаласы, Абай көшесі, 26А мекен-жайында орналасқан.

“Сертификат Қоғамдық тамақтану қызметтері   ЖШС СТ 96090-3-2021 стандартына сай екендігін растайды. Сертификаттың  мерзімі  13.07.2023 дейін жарамды” дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, тамыз айы басталғалы бері Атырауда “Иманғали” орталық мешіті 3 нысанға ҚМДБ халал стандарт сертификатын табыс етті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» ЖШС – шариғат нормалары мен халал стандарт тәртібі бойынша стандарттау және сертификаттаумен айналысатын орган.

2014 жылдың 8 қазанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылды.